100
Cаңлақ cахабалар
оқиғалардың себептері төңірегінде Ислам ғалымдары
бірауыздан мына жағда-яттарды атап көрсетеді:
1. Ғаламның рақым нұрын (с.а.с.) көру бақытына ие
болған сахабалардың азаюы; тірі қалған сахабалардың
қартайып, өз-өздерімен болғандығы; Басқаруға толық
лайықты кісілердің қатарының сиреуі де бұған негіз
болды.
2. Жәһилия заманында бір ру мен тайпаға тән
болудың мақтаныш сезімдері, Ислам құндылықтарын
ұстанған әділ басшыларға бағынуы арқылы ұлы
сезімдерге ауысқан еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние
салғаннан кейінгі жеңістер, құрайыштық жастардың ба-
сым көпшілігінің лауазымды орындарға келуі, олардың
сол тайпаға тән болғандығының басқалардан жоғары
болу сезімдерін қайта оятып, бұл мұсылмандар арасын-
да жайсыз жағдай туғызды.
3. Ислам мемлекеті шекарасының кеңейіп, әр түрлі
ұлт, дін, әдет және мәдениет өкілі болған халықтардың
мұсылман болуы немесе мұсылмандардың қол астына
кірулері, кейбір ұлттардың, әсіресе, Ирандықтардың
ұлттық мақтаныш сезімдері біраз тегеурінге ұшыра-
ғандықтан, Исламның бір ортадан басқарылуына қарсы
кедергілердің пайда болуына жол ашты.
4. Осман ибн Аффанның жұмсақтығы, адамдарды
жазалаудың орнына кешірімді болуы да өз салқынын
тигізбей қоймады.
5. Осман (р.а.) мұсылман болмай тұрып та жо-
март әрі туыстарына жанашыр жан еді. Мұсылман
болғаннан кейін оның бойындағы бұл сезімдер кемеліне
келе толықсып, өз туыстарына деген жанашырлығы
арта түсті. Оның оларға өз мүлкінен берген нәрселері
бүлікшілер тарапынан мемлекет қазынасынан беріліп