98
Cаңлақ cахабалар
Абдуррахман ибн Ауф (р.а.) олардың екеуімен де
әңгімелесті. Осы уақыт ішінде көшедегі адамдардың,
үйде отырған әйелдердің және балалардың да
көзқарастарымен санасты. Көпшілік хазірет Осман-
ды қалады. Абдуррахман ибн Ауф халықты мешітке
жинап, халифалыққа Осман Зун-нурәйнды лайық деп
тапқанын айтып, оған ант берді. Османға (р.а.) ант
бергендердің екіншісі хазірет Әли болды. Содан кейін
қалған мұсылмандар мұны құптап серт берді. Осы-
лайша Осман ибн Аффан 644-жылы халифа болып
тағайындалды.
Осман ибн Аффан халифалық құрған алты жыл-
да Исламның байрағы биікте желбіреді. Бұл кезеңде
Африканың маңызды бір бөлігі және Кипр алынды.
Испанияға алғашқы жорықтар басталды. Сонымен
бірге хазірет Омардың өлімін пайдаланып бас көтерген
Армения халқы да бағындырылып, Табаристан қолға
өтті. Бұл жылдың ең маңызды оқиғасының бірі – Ис-
лам әскерлерінің Византия әскерлерімен Ақтеңізде
бетпе-бет келіп, оны талқандауы болды. Бұл жеңіс
мұсылмандардың Ақтеңізде еркін қозғалуларына
мүмкіндік берді. Мұсылмандар Малта мен Крит арал-
дарына шықты. Бұл кезде мұсылман топтарының
бір бөлігі Анадолы жағалауына шықса, бір тобы
Станбулдың қорғанына дейін жетті. Мұсылмандар
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүйіншісіне лайық болуға
тырысып бақты. Өйткені, Пайғамбарымыз Константи-
нопольдің (Станбул) міндетті түрде алынатынын айтып
хабар берген еді.
Осман Зуннурәйннің тарихи қызметінің ең
негізгісі әрі маңыздысы – Құранның нұсқаларын
көбейттіруі. Ол кезде Армения мен Азербайжанның