Previous Page  95 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 95 / 336 Next Page
Page Background

95

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

құдығын кім сатып алса, Жәннатта да оның осыған

ұқсас құдығы болатынын Пайғамбарымыз (с.а.с.) айт-

ты. Мұны естіген Осман бірден, сол яһудиді тауып

алып, құдықты сатып алғысы келетінін айтады. Яһуди

құдықты толық сатуға көнбей, өте қымбат бағаға оның

жартысын ғана сатты. Осман қуаныштан төбесі көкке

жетіп, Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп, құдықтың жар-

тысын сатып алып мұсылмандарға бағыштағандығын

айтты. Аллаһ расулы (с.а.с.) Османның бұл әрекетін

мақтап, оған ыстық ілтипат білдірді. Хазірет Осман

ақыры бұл құдықтың қалған жартысын сатып алып,

садақа етті

74

.

Ол істеген жақсылықтарын еш міндетсінбей,

менменсінбей ынта-шынтасымен жасайтын еді. Хал-

ахуалы нашар кісілердің бірі Осман Зуннурәйнге

келіп:

– Бүкіл жақсылықты мал-мүлкі бар сіздер жасайсыз-

дар. Садақа бересіздер, құлдарға еркіндік алып бересіздер,

қажылыққа барасыздар және көп бағыш жасайсыздар, –

деді.

– Сіздер мұны қызғанасыздар, солай ма?

– Иә, – деген жауапты естігенде, Осман былай

деді:

– Аллаһқа ант етейін, ешбір байлығы болмай еңбек

ету арқылы табыс тауып, садақа жасаған адамның бір

дирхамы, бай болып садақа жасаған адамның он мың

дирхамынан артық. Өйткені бай көп малының бір

бөлігін ғана береді

75

.

Жүрген ортасына жылылық пен мейірім ұялатқан

Осман Зуннурәйн мәрт көңілді, жібектей есіліп тұратын

74

Тирмизи, Манақыб:19.

75

А. Куружан, 171-172.