101
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
жатқандай көрсетіліп, түсінбестіктен ел ішінде бүліктің
өршуіне себеп болды.
6. Әбу Бәкір Сыддық пен Омар Фаруқтың кезіндегі
басшылар парасаттыболғандықтан, ел іші алауыздықтан
алыс болатын. Осман Зуннурәйн болса, елді басқарудың
қиындығына байланысты, өзіне сенімді адамдарды ғана
лауазымды орындарға таңдаған еді. Ол бұлай жасау
арқылы орталықтың беделін күшейтуді ойлады. Әрине,
оның қойған адамдары да басшылыққа лайық болатын.
Бірақ, бұл жағдай қарсыластарының “билікке өз туы-
старын тартып жатыр” дейтін жалаға толы жел сөзді
қоздатуына қолайлылық тудырды.
7. Жеңіс даңқының арқасында араб қоғамының
басқа ұлт және халықтармен қарым-қатынасы жаңа
деңгейге көтерілді. Мұсылман арабтардың басқа ұлт
өкілдеріне үйленулері, жаңа мұсылман болған не-
месе әлі христиан немесе яһуди отбасында дүниеге
келген балалардың діни тәрбиесінің әлсіз болуы да,
бүлікшіліктің шығуына қолайлы жағдай жасады
78
.
Бұған яһуди текті Абдуллаһ ибн Сәбәнің де іс-
әрекеттері қосылғанда сөне қоюы қиын бүлік өрті ай-
наланы қаулады.
Хижраның отыз бесінші жылы Куфа, Басра, Мы-
сыр сияқты аймақтардан келген бүлікшілер хазірет
Османның үйін қоршауға алады. Әли және де басқа да
белгілі сахабалар қоршауды бұза алмайды.
Бүлік ұлғайып, оны тоқтату өте қиынға соқты.
Хазірет Әли екі ұлы – Хасан мен Хусейнді халифаны
қорғау үшін күзетші қылып қалдырды. Абдуллаһ ибн
Омар және басқа да сахабалар халифаны қорғаумен
болды. Бұл кезде бүлікшілердің аптыққан демін баса-
78
А. Нәдуи, 1:336-337.