97
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
Біраздан кейін Әбу Бәкір есін жиып, кімнің атын
жазғанын сұрады. Осман:
– Сені жан тәслім етті деп ойлап қалдым.
Алауыздықтың тууынан қорыққандықтан Омар ибн
Хаттабтың атын жаздым, ей, мүминдердің әміршісі! –
деді.
Әбу Бәкір (р.а.) оның бұл сезімталдығына қатты
қуанып, разылығын білдіріп:
– Исламға және мұсылмандарға жасаған бұл
игілігіңе Аллаһ ақыретте көп жақсылық берсін. Егер
өзіңнің атыңды жазсаң да, қателеспеген болар едің, –
деді
77
.
Хазірет Осман Омардың (р.а.) халифалығы зама-
нында да оған шамасының жеткенінше қол ұшын берді.
Омар Фаруқ мәңгілікке көз жұмар алдында тағайындап
кеткен мына кісілерден: Абдуррахман ибн Ауф, Сағд
ибн Әбу Уәққас, Талха, Зүбәйр, Осман және Әлилерден
құралған шура мәжілісі (кеңесшілер мәжілісі) қос
нұрдың иесі Османды халифа етіп шешті.
Ол халифалыққа былай тағайындалды: Омарды
(р.а.) жерлеп біткеннен кейін жоғарыда аталған шура
мүшелері екі күн бойы кеңесіп, бұл орынға кімді
тағайындау керектігіне шешім бере алмады. Үшінші
күні Абдуррахман ибн Ауф алты үміткердің үшеуінің
үміткерлігін алуын, қалған үшеуінің біреуін таңдау ту-
ралы ұсынысын айтты. Осы ұсыныс бойынша Зүбәйр
ибн Әууам Әлиді, Сағд ибн Әбу Уаққас Абдуррахман
ибн Ауфты, Талха ибн Ұбайдұллаһ Османды ұсынды.
Абдуррахман ибн Ауф өзінің үміткер болмайтынын
айтты. Ендігі шешім Әли мен Осман арасында қалды.
77
Хаяту-с-сахаба, 2:14.