92
Cаңлақ cахабалар
Құрайыштар бұл сөзді естіп ашуланып, оны бір
шама уақыт қамауда ұстайды.
Осман Зун-нурәйннің қамауға алынғандығы ту-
ралы хабар мұсылмандарға “шәйіт болды” деп жаңсақ
жетті. Бұл мұсылмандардың ашу-ызасын тудырды.
Иләһи уахи Пайғамбарымызға (с.а.с.) серт беруді әмір
етті. Бүкіл мұсылмандар Расулаллаһқа бағынып, Аллаһ
пен Расулының жолында қасық қандары қалғанша
шайқасуға серт берді. Расулаллаһ бір қолымен өзі үшін,
екінші қолымен Осман үшін серт қабылдады. Бұл серт
Ислам тарихында “Ридуан серті” деп аталынды.
Мұны естіген мүшріктер қорқып, хазірет Османды
босатып жібереді. Біраз уақыттан соң Османның аман-
есен оралуы мұсылмандарды зор қуанышқа бөледі.
Оған “Қағбаны тауап еткен шығарсың, сірә” дегенде,
Осман оларға:
– Аллаһқа ант етемін. Егер Расулаллаһ Хұдайбияда
болып, мен Меккеде бір жыл қалсам да, ол Қағбаны та-
уап етпейінше, Қағбаны жалғыз өзім тауап етпес едім,
– деп жауап берді
72
.
Осман (р.а.) кейінгі соғыстардың бәріне Хайбар,
Меккенің алынуы және Хауазин ұрысына бастан-
аяқ қатысты. Хунәйн соғысында кеудсін тосып,
Пайғамбарымызды (с.а.с.) дұшпаннан қызғыштай
қорғаштағандардың арасында Осман да бар еді.
Тәбук соғысы – Ислам тарихындағы ең маңызды
оқиғалардың бірі. Хазірет Осман осы соғысқа жәрдем
ретінде Сирияға жіберу үшін дайындаған үш жүз
түйені жүгімен қоса берді, әрі мың динар ақша және
елу ат бағыштаған еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның
бұл жомарттығына байланысты, “бұдан кейін істейтін
72
Сира, 3:330 .