Previous Page  88 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 88 / 336 Next Page
Page Background

88

Cаңлақ cахабалар

Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) мұсылман болғаннан кейін

Хақ діні Исламды өзінің жақын достарына уағыздай ба-

стады. Солардың бірі – осы Осман. Әбу Бәкір оған Ис-

лам жайлы айтқанда, зейін қойып тыңдап, айтқандарына

қызығушылық көрсетті. Содан кейін екеуі бірге

Расулаллаһқа (с.а.с.) барды.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Османға:

– Аллаһтың рақымдылығы болған Жәннатқа

ұмтыл. Мен саған және бүкіл адамдарды тура жолға

бастаушы ретінде жіберілдім. Аллаһтан басқа ешбір

тәңір жоқ, – деп Құран оқыды.

Хазірет Османның жан дүниесін илахи сөздердің

сырлы тартымдылығы баурап алды. Бірден жүрегін

де, тілін де кәлимаға келтіріп, мұсылман болды. Бұл

сезімді кейін ол былайша жеткізген еді:

– Расулаллаһтың аузынан естіген алғашқы сөздер

соншалықты әсерлі еді, кәлима шаһадат аузымнан

еріксіз төгіле берді...

Ол 34 жасында мұсылман болды. Жас, ықпалды

саудагер болатын. Өзінің бойына жарасымды салмақты

мінезі бар Османның мұсылман болғанын естіген неме-

ре ағасы Хакам ибн Әбул – Ас ашудан жынданып кете

жаздады. Оны бір діңгекке байлап: “Бұл дінді тастап,

аталарыңның дініне қайта оралмайынша саған нәр та-

тырмаймын”, – деді. Осман “Аллаһқа ант етемін, бұл

діннен бет бұрып аталарымның дініне қайтпаймын”

деп ажалдан да қаймықпайтынын айтты. Бұған көздері

жеткен туыстары ара түсіп, оны құтқарып қалды

67

.

Ислам келмей тұрып Әбу Ләхәбтің ұлы Ұтба

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қызы Рұқияға үйленген еді.

67

Табақат, 3:5; Халәби, Инсануль ‘уюн ас-сиратул-халабия,

Бейрут, 1980, 1:446.