91
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
(р.а.) науқасынан айыға алмай қайтыс болды. Бәдірде
мұсылмандардың жеңіске жетуі Османның қайғысын
қуанышпен алмастырды.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Бәдірден оралған соңОсманға
(р.а.):
– Сен Бәдірге қатыспасаң да бір шейіттің сауабын
алдың, – деп тағы бір сүйінші хабар жеткізді.
Содан кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) екінші қызы-
Үммүгүлсүмді Османмен некелестіреді. Осыдан кейін
хазірет Османға “зун-нурайн” (қос нұрдың иесі) деген
есім берілді.
Үммүгүлсім (р.а.) дүние салғаннан кейін де
Пайғамбарымыз (с.а.с.) “Қырық қызым болса, оларды
түгел Османға күйеуге берер едім” деп күйеу баласын
жұбатқан еді
71
.
Хижраның төртінші жылында болған «Затур-
Риқа» соғысында Пайғамбарымыз (с.а.с.) Османды
Мәдинада өзінің орнына уәкіл етіп қалдырады. Бұдан
кейінгі соғыстардың бәріне қатысқан хазірет Османды
«Хұдайбия» келісімі кезінде Пайғамбарымыз (с.а.с.)
құрайыштарға Елші етіп жіберді. Хазірет Осман Мек-
кеге келіп, ниетінің тек қана Умра қажылығын жа-
сау екендігін айтып түсіндірсе де, мүшріктер оған
қасарысып былай деді:
– Сені жіберген адамға барып айт. Ол ешқашан
Меккеге кіріп, Қағбаны тауап ете алмайды. Алайда сен
өзің тауап еткің келсе, біз қарсы емеспіз, – деді. Осман
оларға былай деп жауап қайтарды:
Расулаллаһ тауап етпейінше, мен де Қағбаны тауап
етпеймін.
71
Усдул-ғаба, 3:378.