Previous Page  87 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 87 / 336 Next Page
Page Background

87

3. Осман Зун-нурәйн

Әркімнің Жәннатта бір досы бар. Менің

Жәннаттағы досым – Осман”.

(Хадис)

Осман ибн Аффан (р.а.) хижреттен 47 жыл бұрын

Таифте дүниеге келді. Ол Пайғамбарымыздан (с.а.с.)

алты жас кіші.

Әкесі Аффан саудамен айналысатын бай кісі бола-

тын. Ол сауда мақсатымен Сирияға жасаған сапарының

бірінде қайтыс болды. Әкесінен Османға (р.а.) ми-

рас ретінде көп байлық қалды. Осман да саудамен

айналысты. Ол көп табыс табатын және қолындағы

мүмкіндіктерді пайдаланып, халқына үнемі жақсылық

жасайтын. Сондықтан халық Османды жақсы көріп

сыйлайтын. Оның жәһилия дәуіріндегі өмірі жайлы

жеткен мәліметтер осы ғана.

Оның жәһилия кезіндегі өмірі де басқа сахабалар-

дікіндей еді. Сахабалардың мұсылман болғанға дейінгі

өмірлері жайлы мәліметтер толық болмағанмен

мұсылмандықты қабылдағаннан кейінгі үлгі-өнегеге

толыөмірлері жайлымәліметтер сақталып, заманымызға

дейін келіп жетті. Оларды өмірге қайта тудырған Ислам

еді. Міне, осының нәтижесінде сахабалардың жарқын

өмірлері тарихта алтын әріптермен нақышталды.

Пайғамбарымыздың Жәннатпен сүйіншіленген

үшінші халифасы – Осман (р.а.) әдептілік пен ар-ұяттың

жарқын үлгісін паш етті. Оның табиғаты өте жұмсақ,

көркем мінезді еді