84
Cаңлақ cахабалар
анасы Айша анамызға өзінің Пайғамбарымыз (с.а.с.)
бен Әбу Бәкірдің (р.а.) жанына жерленуі үшін рұқсат
сұрауға жіберерде:
– Мүминдердің анасына барып, Омар сәлем айтып
жатыр де. Бірақ, мені мүминдердің әміршісі деп айтпа.
Мен бұдан бұлай мүминдердің әміршісі емеспін. Оған:
“Хаттабұлы Омар достарының қасына жерлену үшін
рұқсат сұрайды де”, – деп тапсырады.
Абдуллаһ әкесінің бұл сәлемін жеткізген кезде,
Айша (р.а.) анамыз есіл ер Омар (р.а.) үшін көз жасын
төгуде еді. Сәлем бергеннен кейін әкесінің өтінішін
жеткізгенде, Айша анамыз:
– Негізінде бұл жерді мен өзім үшін сақтаған едім.
Бірақ өзімнен гөрі Омардың (р.а.) қалауын артық көрем,
– дейді
64
.
Осылайша бүкіл ғұмырын халқының игілігіне
арнаған халифа өзінің ең жақсы көрген және соларға
ұқсауға тырысып баққан екі жан досының жанына
жерленді.
Хазірет Омар бірнеше рет үйленіп, балалы-шағалы
болған. Балаларының төртеуі танымал. Олар: Пайғамбары-
мыздың (с.а.с.) жұбайы, мүминдердің анасы – хазірет
Хафса (р.а.), кемеңгер әрі хадис ғалымы – Абдуллаһ ибн
Омар, қаһармандығымен Ислам жолында қызмет еткен
Ұбайдұллаһ, парасатымен және тақуалығымен мәшһүр –
Асым.
ӘбуБәкірден (р.а.) кейінхалифа болып сайланғанОмар
Фаруқмұсылмандардыонжыл басқарды. Оның кезіндеИс-
лам мемлекетінің жер өлшемі 2251030 шаршы шақырымға
жетті. Ислам мемлекетінің осылайша кеңеюіне жалпы сол
кездегі мұсылмандардың дінді жаюдағышын ықылас- құл-
64
М.Шакир, 268-269; А.Куружан, 152-153.