Previous Page  80 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 80 / 336 Next Page
Page Background

80

Cаңлақ cахабалар

тағамдардың пісірілуін, жүзімнен сусындар дайын-

далып дастарқаныма әкелінуін бұйырсам, әрине, бұл

болар еді. Бірақ біз мұндай ләззаттардың қарымын

о дүниеге қалдырғымыз келеді. Өйткені Аллаһ “сіз

барлық тамаша нығметтеріңізді осы дүниеде тауысып

бітірдіңіз, ләззатын таттыңыз”

59

,– дейді. Мен Аллаһтың

берген нығметтерін бұл дүниеде тауысқым келмейді.

Сирия, Мысыр, Ирак, Армения, Әзірбайжан,

Парсы шығанағы, Қорасан секілді елдерді қол асты-

на қаратқан күндердің өзінде де, хазірет Омар (р.а.)

дүниенің өткінші қызықтарына көз салмады, рақатқа

бөленіп құс жастыққа бас қойып мамық төсекте жат-

пады. Байлық пен дүниеге құнықпай, қара басының

қамын күйттемей, халықтың игілігін ойлап, өзінің

қажеттілігінен олардікін жоғары қойған еді.

Омар (р.а.) – тақуалығы және құлшылығымен де

шыңның ұшар басындағы біртуар тұлға. Болмысынан

ашуға тез Омар қасында біреу Құран оқыса, ашуы тез

тарқайтын. Хазірет Пайғамбарымыздың: “Ақыретте

жауапқа тартылмастан бұрын, өздеріңізді бұл дүниеде

жауапқа тартыңыздар” деген өсиетін үнемі жадында

ұстап, құдайдың құтты күні жастыққа бас қоярда: “Ей,

Омар, бүгін Аллаһ үшін не істедің?” деп сұрайтын.

Жауапкершілігі мол, әділ халифа өлімді әрдайым

еске салыптұруыүшінөзінебірқызметші тағайындайды.

Алайда самайына ақ түскенін көргенде “енді қажет бола

қоймассың” деп оны қызметінен босатқан еді.

Ғаламның рақым нұры Мұхаммед Мұстафаның

(с.а.с.) қарапайым, жұпыны өмірі оны пәруана күйге

түсіретін.

59

Ахқаф, 20.