Previous Page  78 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 78 / 336 Next Page
Page Background

78

Cаңлақ cахабалар

Үйдің есігін қаққанда, іштен мосқал әйел шықты. Омар

(р.а.) балалардың жылау себебін сұрады. Әлгі әйел екі

күн бойы нәр татпағандарын, балалардың аштықтан

бұратылып жылайтынын, оларды алдап ұйықтату үшін

қазанға тас салып қайнатып жатқанын айтты.

Мұны естіген Омардың жаны түршігіп кетті. Әлгі

әйелге біраз тоса тұруын, қайта келетінін айтып, дереу

қазынадан ұн, май, азық-түлік пен киім-кешек толы

дорбасын иығына салып, көмекке мұқтаж балалардың

жәрдеміне құстай ұшты. Қасындағы қызметшісінің

дорбаны алып жүруге қанша өтінгеніне қарамастан:

– Қияметте менің жүгімді сен арқалайсың ба? – деп

бой бермеді.

Хазірет Омар (р.а.) аптығып үйге барды. Әлгі

әйелдің балаларына тамақ пісіріп берді. Балалалар

тойынғанда ғана Омардың көңілі жай тапты. Ол жерден

кетерде әйелдің “Аллаһ сенен разы болсын! Омардың

орнына халифа болуға негізі сен лайық екенсің” дегенін

құлағы шалып қалды. Әйел қараңғыда келген кісінің

хазірет Омар (р.а.) екендігін білмеген еді

56

.

ОмарФаруқтың (р.а.) елбасқарудағыжауапкершілік

сезімі – бүкіл адамзатқа қайталанбас үлгі-өнеге. Оның

“Егер Фырат өзенінің жағалауында бір түйе жоғалып

кетсе немесе бір қой суға батып өлсе, оның есебін Аллаһ

менен сұрай ма деп қорқамын”; “Кемшіліктерімді

маған ескертетін адам – мен үшін ең жақын жан”;

”Егер тағайындаған әкімдерімнің біреуі бір адамды

орынсыз жәбірлесе, мұны мен ести тұра оған еш шара

қолданбасам, ол жәбірді мен жасағандай боламын” де-

ген сияқты алтын әріптермен тарихқа жазылған оның

осы сөздері – жан дүниесінің айнасы. Ел басқарушылар

56

Усдул-ғаба, 4:67.