77
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
– Ал, енді сен оны ұр, – деді Омар.
Мысырдың әкімі Амр ибн Ас сөз алып:
– Уа, мүминдердің әміршісі! Егер бұлай етер
болсаңыз, бұл үкіміңіз әкімдерге қатты тиеді. Сізден
кейінгілер де бұл әдетті жалғастырады, – деді. Хазірет
Омар (р.а.):
– Мен Аллаһ елшісінің өзі үшін де осылай
жасағанын көре тұра, басқалар үшін бұны неге орын-
дамайын? – дегенде, Амр ибн Ас:
– Мәселені бізге қалдырсаңыз, оны өзіміз ырза
қылсақ болмай ма? – деп Омарды (р.а.) көндіреді.
Үстінен арыз түскен әкім дүре соққан адамға құн төлеп,
кешірімін алды
55
.
Хазірет Омар (р.а.) бірде қайыр сұрап жүрген
әлдебір кісінің қасына барып, неге қайыр тілеп жүргенін
сұрастырды. Бұл кісі мұсылман емес-ті. Кәрі кісі салық
төлейтіндігін, сондықтан да кедейленгендігін айтты.
Әділеттің айғағы Омар Фаруқ оған қазынадан айлық
тағайындаттырып:
– Бұларды жас кезінде жұмыс істеткізіп, қартайған
шағында далаға тастай алмаймыз, – деді.
Омар Фаруқ тағайындаған әкімдеріне өте қатал бо-
латын. Олардың қандай да бір заңсыздықтарын естісе,
оған еш көз жұмбай сол сәтінде шара қолданатын.
Халқына болса тым мейірімді еді. Олардың мәселелерін
шешу үшін тыным таппай қызмет ететін.
Халифа болып тұрған кезінде хазірет Омар (р.а.)
Мәдинаның көшелерін жиі аралап, көмекке мұқтаж
адамдарды өзі іздейтін. Бірде түн жамылып көше ара-
лап жүрген кезінде бір үйдің жанынан өтіп бара жатып
кішкентай балалардың жылаған ащы дауыстарын естіді.
55
Табақат, 3:211; Қандыхләуй, 2:687.