Previous Page  86 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 86 / 336 Next Page
Page Background

86

Cаңлақ cахабалар

4. Тұрақты және тәртіпті әскер құру ісін қолға

алуы;

5. Мұсылман емес шет елдіктердің мұсылман

мемлекеті аймағында сауда жасауларына рұқсат

берді;

6. Ешкімі жоқ және қартайған қараусыз яһудилер

мен христиандарға айлық тағайындады;

7. Жыл санауына хижраны негіз етіп алып,

мұсылманша жыл санауды бастатты

65

.

Мемлекеттің басты қызметінің бірі – білімді жаю

екенін жақсы білген Омар алынған жерлерде мектептер

ашып, сол жерлерге Құран және Ислам дінінің негізгі

заңдылықтары мен өмір салтын үйрету үшін мұғалімдер

жіберді. Қызметін мінсіз атқаруы үшін мұғалімдерге

жоғарғы мөлшерде жалақы тағайындады

66

.

Әрине, хазіретОмардың (р.а.) енгізгенжаңалықтары

мұнымен ғана шектеліп қалмаған. Ол басқару ісін

жақсы меңгерген, парасатты, көреген көшбасшы еді.

Жетекшінің бойынан табылатын бүкіл қасиеттерге ие

болатын. Соншалықтыкең аймаққа ие болғанмемлекетті

басқарып тұрғанына қарамастан, өте қарапайым ғұмыр

кешті. Мұншама байлық пен билік оны масайратпады.

Туған-туысының қамын емес, халқының қажеттілігін

қамтамасыз етуге малын да, жанын да аямады.

* * *

65

Сахабилер ансиклопедиси, 1:66; А. Куружан, 127-141.

66

А. Нәдуи, Буюк Ислам тарихи асру саадат Пейгамберимиз ве

асхабы, А. Генжели, Истанбул, 1985, 1:317.