Previous Page  89 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 89 / 336 Next Page
Page Background

89

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жаңа бір дінді уағыздағанын

естігеннен кейін Ұтба Пайғамбарымызға (с.а.с.): “сенің

қызыңды да, уағыздаған дініңді де қаламаймын”, –

деп хазірет Рұқиямен ажырасып кетті. Осман (р.а.)

Пайғамбарымыздан (с.а.с.) Рұқияны өзіне некелеп

қосуын өтініп, оған үйленеді.

Мүшріктердің көрсеткен қорлықтары мен

зұлымдықтарынан құтылу үшін Эфиопияға һижрет ет-

кен алғашқы 15 кісілік топтың ішінде хазірет Осман

мен жұбайы Рұқия да бар еді. Аллаһ елшісі Османның

бәрінен бұрын жолға шыққанын естігенде:

– Олардың достары – Аллаһ. Осман – Лұттан (а.с.)

кейін отбасымен һижрет еткен алғашқы адам, – деді

68

.

Осман (р.а.) өте нәзіктігімен қатар мінезі де

тым жұмсақ еді. Меккеде мүшріктердің көрсеткен

қиындықтары оның нәзік табиғатына ауыр тигендіктен

әрі Эфиопияға һижрет еткендерге мұсылмандардың

ішінде оларға ең жақсы қамқоршы бола алатын Осман

екенін білген Аллаһ расулы оны сол жаққа жіберді.

Эфиопияда белгілі бір уақыт қалғаннан соң,

“Меккелік мүшріктер мұсылман болыпты” деп

жайылған жаңсақ хабарды естіген Осман (р.а.) Мекке-

ге қайта оралды. Бұл хабардың негізсіз екендігіне көзі

жеткен ол қайтадан Мәдинаға һижрет етті.

Оның ең негізгі ерекшелігі – биязылығы мен

ұяңдығы. Айша (р.а.) анамыз риуаят еткен бір хадисінде

былай дейді:

“Бір күні Расулаллаһ үстіне жамылғысын жамы-

лып демалып жатқан кезде Әбу Бәкір келіп, үйге кіруге

рұқсат сұрады. Расулаллаһ өзінің күйін өзгертпестен

оған кіруге рұқсат берді. Ол сұрайтын нәрселерін сұрап

68

Инсануль ‘уюн, 1:446.