Previous Page  93 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 93 / 336 Next Page
Page Background

93

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

қателері Османға зиян келтірмейді” деп сүйіншілеген

болатын

73

.

Жомарт сахаба Осман байлығының шүкірін

өтеу үшін мұқтаж адамдарға үнемі сый тарататын.

Мәдинадағы аштық кезінде Осман (р.а.) Сириядан жүз

түйенің жүгіндей мөлшерде астық алып келеді. Бұл би-

дайды сатып алу үшін сахабалар оның қасына жүгірісіп

келеді. Бірақ Осман Зуннурәйн оларға: “сіздерден

жақсы, сізден мол ақы беретін алушым бар”, – деді.

Сағы сынып, ұнжырғасы түскен сахабалар бұны Әбу

Бәкірге жеткізіп, Османның бұл әрекетіне реніштерін

білдірді. Әбу Бәкір (р.а.) хазірет Османды бәрінен

жақсы танығандықтан, оларға:

– Ол Расулаллаһтың күйеу баласы болу арқылы

құрметке ие болды. Жәннатта да – пайғамбарымыздың

жолдасы. Сіздер оны қате түсінген боларсыздар.

Жүріңіздер, бірге барып жағдайдың анық-қанығын

өзінен сұрайық, – деді.

Халифа Әбу Бәкір хазірет Османға барып:

– Ей, Осман, сахабалар сенің сөздеріңе ренжіпті.

Олардың меселін неге қайтардың? – дегенде, Осман

(р.а.) :

– Ей, Расулаллаһтың халифасы! Олардан жақсы

алушым бірге жеті жүз береді. Мен де бидайды бірге

жеті жүз берушіге саттым, – деді.

Осман Зуннурәйн бұл сөздерімен керуендегі мал-

мүлкін Аллаһ жолында садақа қылып бергендігін

айтқан еді. Аз уақыттан соң жүз түйеге артылған

астықты Мәдинадағы пақыр сахабаларға тегін тара-

тып жіберді. Хазірет Әбу Бәкір бұған қатты қуанып,

Османның маңдайынан сүйді.

73

Тирмизи, Манақыб:19; Хаяту-с-сахаба, 2:97.