Previous Page  90 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 90 / 336 Next Page
Page Background

90

Cаңлақ cахабалар

болғаннан кейін шығып кетті. Содан кейін Омар келді,

Пайғамбарымыз және жағдайын еш өзгертпестен,

оған рұқсат берді. Содан кейін Осман келіп рұқсат

сұрағанда, Пайғамбарымыз тұрып, үсті-басын түзетті.

Мұны байқаған Айша анамыз:

– Уа, Аллаһтың елшісі! Әбу Бәкір мен Омар кел-

ген кезде көп қозғалмадыңыз, Осман келгенде неге

әбігерлендіңіз? – дегенде, Ардақты елші (с.а.с.):

– Өйткені Осман – өте ұялшақ. Періштелердің

ұялып, қысылған адамынан мен қалайша қысылмайын?”

– деген

69

.

Әбу Муса әл-Әшари былай дейді:

“Расулаллаһпен бірге бір үйге келгенде Ол (с.а.с.)

маған:

– Есіктің аузында тұр және рұқсатсыз ешкімді

үйге кіргізбе, – деді. Біраздан соң Әбу Бәкір келді.

– Ей, Аллаһ елшісі, Әбу Бәкір келіп тұр, – дедім.

– Үйге кіргіз және Жәннатпен сүйіншіле, – деді.

Одан кейін Омар келді. Оған да солай деуімді

бұйырды. Одан кейін Осман келді. Оған былай де:

– Оныішкекіргіз,басынакелетінқиындықтарғабай-

ланысты оны да Жәннатпен сүйіншіле, – деп Османның

Зун-нурәйнніңЖәннатпен сүйіншіленгендерден екенін,

әрі келешекте оның басына үлкен қиыншылықтардың

келетінін алдын ала айтып кетті”

70

.

Хазірет Осман (р.а.) жұбайы Рұқияның науқас-

*тануына байланысты Бәдір соғысына қатыса алмады.

Пайғамбарымыздан (с.а.с.) соғысқа қатыспауға рұқсат

алғанына қарамастан, Бәдірдегі шайқасқа қатыса

алмаудың қайғысы жанын жегідей жегенді. Рұқия

69

Муслим, Фадаилу-с- сахаба: 26-27.

70

Тирмизи, Манакыб: 19.