Previous Page  96 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 96 / 336 Next Page
Page Background

96

Cаңлақ cахабалар

биязы болуымен қатар тақуалығымен де ерекшеленді.

Ол халифа болып тұрған кезінде Ислам мемлекетінің

ұлғайып, халықтың әл-ауқатының көтеріліп тұрған

шағының өзінде бұл қасиеттерінен еш танған емес.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.): “Әркімнің Жәннатта

бір досы бар. Менің Жәннаттағы досым – Осман”, – деп

хадисінде атап кеткен үшінші халифа сахабалардың

арасында да үлкен құрметке ие болатын. Мемлекеттің

күшті, бай болғанына қарамастан, ол кей кездері мешітте

ұйықтайтын. Денесіне тас іздері түсетін. Бұған куә

болған адамдар оның қарапайымдылығына таңғалып,

“міне, нағыз мүминдердің әмірі” дейтін. Күндіз ораза

ұстап, түндерін де Аллаһқа құлшылық етумен өткізетін.

Түнде Құран оқудан айырықша ләззат алатын.

Оның өмірінен қазіргі адамдар үшін қоғамдағы

теңдік пен әділдік мәселесінде үлгі боларлық мына

оқиғаны да айта кетейік: Бір күні хазірет Осман өзінің

қызметшісін қасына шақырып алып, “бір кездері мен

сенің құлағыңнан тартқан едім. Кел, менен сол ақыңды

ал” деп, құлға қоярда-қоймай құлағынан ұстатып,

“қатты тарт, балам. Қысас

76

– бұл дүниеде. Ақыретте

қысас жоқ”, – дейді.

Әбу Бәкір Сыддық халифа болып тұрған кезінде

Османның (р.а.) кеңесіне жиі құлақ асатын. Әбу Бәкір

өлім төсегінде жатып, өзінен кейінгі халифаның

қасиеттерін баяндаған кезінде Осман (р.а.) бұларды

жазып отырды. Халифа Әбу Бәкір өзінің атағысы кел-

ген адамының атын айта алмай бір мезет талып қалды.

Осман (р.а.) оны қайтыс болған екен деп, хазірет

Омардың атын жазып жібереді.

76

Қысас – қылмыс істеген адамның тура сондай жазамен

жазаландырылуы.