94
Cаңлақ cахабалар
Бірде хазірет Осман әлемдерге рақым етіп
жіберілген Ардақты елшінің (с.а.с.) үйінде қоректенетін
азықтың қалмағанын естіп, сол арада бір семіз қой,
біраз ұн және май алып, Айша (р.а.) анамыздың үйіне
алып барады. Ол:
– Ей, мүминдердің анасы! Расулаллаһ мұны басқа
әйелдеріне де тегіс бөліп беретініне еш күмәнім жоқ.
Бірақ, мұны жасамасын. Өйткені мен оларға да тура
осындай мөлшерде азық жіберемін, – деді.
Аллаһ расулы (с.а.с.) хазірет Османның мәрттігін
естіген кезде:
– Ей, Раббым! Османның өткен және келешектегі,
жария және құпия күнәларын кешіре гөр! – деп дұға
етті.
Хазірет Әли Фатима анамызға үйленер кезінде
той шығындарын өтеу үшін қалқанын базарға сатуға
алып шығады. Базарда Османға кездесіп, үйленетінін
айтып, сүйінші сұрады. Той шығындарын көтеру үшін
қалқанын сататынын айтады. Осман (р.а.) 480 дир-
хам төлеп, қалқанды сатып алды. Содан кейін Әлиге
бұрылып:
– Ей, Әли! Аллаһ жолында қызмет етуің үшін бұл
қалқанды саған тойыңа тарту етемін. Бұл қалқан сен
сияқты Ислам қаһарманына ғана лайық, – деді.
Атап өткендей, хазірет Османның ең үлкен
ерекшелігі – жомарттығы. Ол мал-мүлкін Аллаһ жолын-
да жұмсаудан еш тартынбайтын. Бірде мұсылмандар
ауыз су таппай қиналды. Рума құдығынан басқа ішер
су таба алмады. Бұл құдық бір яһудидікі болатын.
Суды мұсылмандарға өте қымбат бағамен сататын.
Бұл жағдай Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанына қатты
батты. Сахабалармен бірге отырған бір сәтте, Рума