99
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
алынуына қатысқан сахабалардың арасында Құранды
оқу мәселесінде кейбір айырмашылықтар пайда бол-
ды. Өйткені Құранның оқылуын Ирак әскеріндегілер
Ибн Мәсғұттан, Сириялық әскерлер Үбәй ибн Қағбтан
үйренген болатын. Бұл айырмашылықтардан туа-
тын қауіпті көрген Хұзафатуль – Йемени хазірет
Османға келіп, бұл үмбеттің арасында яһудилер мен
христиандардың кітаптарына байланысты бастарында
болған жағдай, яғни, келіспеушіліктің мұсылмандар
арасында да пайда болуының алдын алып, ол қатерден
сақтау керектігін айтты.
Бұл ұсыныстан кейін хазірет Осман сахабалардың
арасындағы беделді тұлғалардан құралған ақылдастар
кеңесін құрды. Бұл топ халифа Әбу Бәкірдің кезінде
жиналып, Омар Фаруқтың қызы хазірет Хафсада
болған Құранды негізге ала отырып жеті нұсқа жаса-
тып, мұсылмандардың көп шоғырланған Куфа, Басра,
Сирия, Мекке, Йемен және Бахрейн сияқты жерлер-
ге жіберді. Мәдинада қалдырылған нұсқаны “имам
нұсқасы” деп атады.
Үшінші халифа басшылығының он жылы теңіздегі
және құрлықтағы жеңістерге толы өтті. Мұсылман
мемлекетінің аумағыкеңейді. ХалифаОсманның кезінде
мемлекет қаржысы молайып, халықтың әл-ауқаты
жақсарды. Материалдық жағынан салыстырғанда,
хазірет Османның дәуірі алдыңғы халифалардан
жоғары саналады.
Алайда Зуннурәйн Османның халифалығының
соңғы жылдарында бүлікшілік пен тәртіпсіздік
кең етек алып кетті. Осман ибн Аффан мен Әлидің
халифалықтары тұсында шыққан бұл жайсыз