103
4. Әли әл-Муртада
“Ертең байрақты Аллаһ және Расулы жақсы көрген,
ол да Аллаһ пен елшісін жақсы көретін араларыңдағы
біреуге беремін. Аллаһ оның көмегімен жеңіске
жеткізеді”.
(Хадис)
Негізгі аты – Әли ибн Әбу Тәліп ибн Әбдүл-
Мүттәліп ибн Хишам ибн Әбди Манап ибн Құсайи
ибн Киләб ибн Мүррә ибн Кағб Лүей әл-Құрайыши әл-
Хашими. Ол – хижрадан жиырма жыл бұрын дүниеге
келген, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ағасы Әбу Тәліптің
шаңырағындағы кенже ұл. Хазірет Әли төрт ұл мен тоғыз
қыздың әкесі. Бұлардың арасындағыПайғамбарымыздың
“олар менің дүниеде иіскеп сүйген екі райханым” де-
ген ұлдары Хасан мен Хұсейн, қыздары Зейнеп пен
Үммүгүлсім Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қызы Фатима
анамыздың құрсағынан шыққан. Фатима анамыздың көзі
тірісінде ол екінші рет үйленбеген.
Мүминдердің әміршісі, Жәннатпен сүйіншіленген
он сахабаның бірі,
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) күйеу ба-
ласы, Аллаһтың арыстаны, ғылым қаласының қақпасы
ретінде танылған төртінші халифаның ғұмыры дастанға
толы. Оның шыншылдығы, батырлығы, Расулаллаһқа
(с.а.с.) жақындығы, тақуалығы мен парасаттылығы
кейінгі ұрпаққа өнеге. Бойындағы өшпес иманы
мен мұқалмас жігері жағынан да сахабалардың ара-
сында орны ерекше. Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
ғұмыр кешкен уақытындағы маңызды соғыстарға
қатысып, сайыпқыран батырлықтың үлгісін көрсетті.