Previous Page  109 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 109 / 336 Next Page
Page Background

109

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

(р.а.) шейіт болған бұл шайқаста, Пайғамбарымыздан

(с.а.с.) екі елі айрылмай оны өз денесімен қорғады. Бұл

шайқас жайлы хазірет Әли былай дейді:

“Соғыстың барынша қызған шағында бір сәт Аллаһ

расулын көзден жырақ етіп алдым. Өлгендердің арасы-

нан іздедім, ол жерден таппадым. Сол сәтте өз-өзіме,

“Ант етейін, Аллаһ расулы шайқастан қашпайды. Оны

өлілердің арасынан да таппадым. Сірә, істеген істеріміз

үшін Аллаһ наразы болып, оны өзінің жанына алды.

Бұдан кейін мен үшін шайқасудан басқа абзалы жоқ”

дедім. Сосын дұшпанға қарсы ұмтылдым. Олар өздеріне

қарсы келе жатқанымды көріп, абдырап аралары ашыла

бастаған кезде, Аллаһ расулының олардың араларында

қалып кеткендігін көрдім”

82

.

Хайбар шайқасында да Әли батырлығымен көзге

түсті. Хайбар – Мәдинадан қуғындалған яһудилердің

стратегиялық маңызы бар мекені. Яһудилер сол жерде

бірігіп, мұсылмандарға қарсы күш жинауға тырысты.

Бұған жол бермеу үшін Аллаһ расулы (с.а.с.) оларға

қарсы қол жинап, Хайбарды қоршауға алады. Хайбар

алынбай қоршау ұзаққа созылғанда Аллаһ расулы:

– Ертең туды Аллаһ пен Оның Расулы жақсы

көрген, ол да Аллаһ пен елшісін жақсы көретін

араларыңдағы біреуге беремін. Аллаһ соның көмегімен

жеңіске жеткізеді, – деді.

Бұл сөз сахабаның арасында үлкен толқу тудыр-

ды. Бұл ардақты адамның кім болатындығын көбісі

білуге құштар болып, түні бойы көз ілмеді. Әрине,

Аллаһ расулының (с.а.с.) сүйіншілеген бұл адамның ор-

нында болу әркімнің арман-тілегі ғой. Олар үшін Аллаһ

пен Расулы разышылығына ие болу бүкіл салтанат-

82

А. Куружан, 236.