Previous Page  114 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 114 / 336 Next Page
Page Background

114

Cаңлақ cахабалар

сумен ауыз ашады. Екінші және үшінші күндері де дәл

осы жағдай қайталанады, екінші күні бір пақыр, келесі

күні бір тұтқын үйлеріне келеді. Жейтін азықтарын

соларға садақа етеді. Үш күн бойы нәр татпаған олар

нәрестелерін алып, Пайғамбарымызға (с.а.с.) бара-

ды. Түрлерінің бозарып, бойларында дәрмендерінің

қалмағанын көрген Пайғамбарымыз не болғанын

сұрады. Олар бастарынан өткенді баяндап болғаннан

кейін істің мән-жайына қаныққан Пайғамбарымызға

Жәбрейіл келіп, “Инсан” сүресіндегі 5-10 аяттарын

уахи етеді:

“…Ол Аллаһтың құлдары нәзірлерін орын-

дап, апаты көкжиекті тегіс қаптайтын қиямет

күнінен қорқады. Тамақты жаны қалап тұрса да,

міскінге, жетімге және тұтқынға жегізеді. Олар:

“шын мәнінде біз сендерді Аллаһтың разылығы үшін

тамақтандырамыз. Сендерден бір төлем де алғыс

та тілемейміз. Расында біз ұнжырғасы түсіп, том-

сыраяр күні Раббымыздан қорқамыз”.

Пайғамбарымыз бұл уахиді оларға жеткізген кезде,

үш күн бойы тартқан аштықтың тауқыметін сол сәтте-

ақ ұмытып кетті

88

.

Хазірет Әли сахабалардың арасындағы аса

білімділерінің бірі еді. Жастайынан Исламды қабылдап,

алғаш мұсылман болған адамның бірі ретінде

Пайғамбарымыздың ұдайы қасында жүруі Исламның

кәусар бұлағынан қана сусындауына мүмкіндік жасады.

Пайғамбарымыз оның ілімінің жоғарылығын: “Мен –

ілімнің қаласымын, Әли – оның қақпасы. Ілім үйренгісі

келгендер сол есіктен енсін” – деп білдірді

89

.

88

Усдул-ғаба, 5:530-533.

89

Тирмизи, Манақиб :20.