120
Cаңлақ cахабалар
Әділдіктің салтанат құруына айрықша мән берген
Әли заң алдында мансабы мен лауазымына қарамастан,
адамдардың тең болатындығын өз өмірінде көрсетіп
кеткен еді. Өзі халифа болып тұрған шағында әлдебір
яһудимен екеуінің арасында болған уақиғаға байланы-
сты әділ қазыға барудан тартынбады. Оқиғаның желісі
былай болды:
Әли (р.а.) Сыффин соғысына аттанып бара жатқан
кезінде қалқанын жоғалтып алады. Ұрыстан қайтып
бара жатып әлдебір яһудидің ұстап жүргенін көріп,
оған:
– Бұл – менің қалқаным. Мен оны ешкімге бергенім
де, сатқаным да жоқ, – деді. Яһуди:
– Бұл – менің қолымда, яғни менікі, – деді.
Әли қаласа, өктемдік жасап, күшпен-ақ тартып
алуына болар еді. Өзінікі қаншалықты дұрыс болса
да, мәселенің әділ шешілуі үшін төрешіге жүгінуді
ұсынды. Екеуі төрешіге барды.
Ол кездегі төреші әділдігімен танылған Шүрәйх
еді. Хазірет Әлиге ұлы Хасан мен құлы Қанбар куәлік
етті. Шүрәйх Әлиге:
– Хасанның орнына басқа куә тап, – деді. Әли
оған:
– Хасанның куәлігін қабыл етпеймісің?
Құлдың куәлігін қабылдаймыз, бірақ өз балаңның
куәлігін қабылдай алмаймыз, – деді Шүрәйх.
– Расулаллаһтың “Хасан мен Хүсейін Жәннат
жастарының мырзасы” дегенін естімеп пе ең? – деп
бұған қатты күйінген хазірет Әли қалқанын яһудиге
беруге мәжбүр болады. Кенет яһуди:
– Мүминдердің әміршісі мені төрешіге әкелді,
өзінің тағайындаған төрешісі өзіне қайшы үкім берсе