Previous Page  125 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 125 / 336 Next Page
Page Background

125

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Ақыр соңында, Ислам үмбетінің бірлігі үшін бұл

қиын міндетті нар Әли өз мойнына алады. Бар ерік-

жігерін бүлікті тұншықтырып, бірлікті тірілтуге жа-

нын салып, ақылы мен батырлығын және тәжірибесін

қолданып бақты. Оның халифалығы кезінде Ислам та-

рихында кейінгі ұрпақтың әрқашанда қайғымен еске

алатын ішкі (Жәмәл, Сыффин) шайқастарын бастан

өткізді. Әрине, бұл шайқаста екі жақтың да өздерінің

дұрыс деп тапқан ұстанымы бар еді. Ол екі қарсы топтың

да мақсаты – Ислам бірлігін сақтап қалу. Сондықтан

да бұл иджтиһадтарына (үкім) байланысты оларды еш

кінәләуға біздің құқымыз жоқ.

ХалифаӘлиге қарсышайқасқандардыңмақсаттары:

Осман Зун-нурәйнді шейіт еткен бүлікшілерді тез ара-

да тауып жазаламайынша, оған бағынбайтындықтарын

білдіруі болды. Хазірет Әли мұны істеудің мүмкін

еместігін, орталықИсламбилігініңәлі деәлсіз, керісінше,

бүлікшілердің ықпалының күшті болып тұрғандығын

айтып, бұл істі уақыт оздырып қана шешуге болаты-

нын көлденең тартып, оларды бағынуға шақырған еді.

Бұл арада шым-шытырыққа толы оқиғалардың баянда-

луын тарихи кітаптардың еншісіне қалдырып, егжей-

тегжейіне тоқталып жатпай-ақ, сахабалардың Исламды

өмірлеріне жол бастаушы етіп алып, ғұмырларын сол

үшін жұмсап жазған дастандарын оқуға тырысқанды

жөн көрдік.

Оның басқарудағы тәсілі, халық пен басшы

арасындағы байланыс, бұларды жүзеге асырудағы

негізгі ұстанымдар мен әділдік туралы түсінігі осы

күнгі адамдар үшін маңызын жоймаған хазірет

Әлидің Мысырға тағайындаған әкімі Мәлікке айтқан

өсиеттерінен қысқаша үзінді бере кетейік: