122
Cаңлақ cахабалар
Пайғамбарымыздың көйлегі мен шапанын кигендердің
ең мырзасы еді. Қажылық және са´й жасаушылардың ең
мәртебелісі, әділет пен теңдікті орнатуда өте сезімтал
еді. Пайғамбарлар мен хазірет Мұхаммедтен кейінгі
асыл сөздің зергері еді.
Әйелдердің ең қайырлысының жұбайы,
Пайғамбардың екі немересінің әкесі еді. Менің көздерім
дәл сондай өзге ешкімді көрмеді, қияметке дейін де
көре алмас. Аллаһ пен құлдарының лағынеті – Әлиге
лағынет етушілерге болсын
95
”.
Дирар ибн Дәмрә болса:
– Әли асқар таудай асқақ мақсатты көздейтін және
көздегенін құралайды көзге атқандай құр жібермейтін
өте қабілетті еді. Кесіп айтып, әділ үкім беретін. Бойы
ілімге қаныққан, сөздері даналықтың қойнауынан
сүзілгендей хикметке толы еді. Дүние мен оның арзан
мақтанышынан алшақ еді. Түн мен қараңғылықты өзіне
дос тұтатын. Көз жасын көп төгіп, өте терең ойлайтын.
Ең алдымен өз нәпсісіне насихат ететін. Ішіп-жеуі мен
киім-кешегі тым жұпыны еді.
Қатардағы жай кісідей өте қарапайым еді. Сұраған
сұрақтарымызды жауапсыз қалдырмайтын елге-
зек те қағілез болатын. Өзін жақын тұтатынымызға
қарамастан, мысы басып, біз онымен сөйлесуге тартына-
тынбыз. Жымиған кезде маржандай тістері байқалатын.
Діндарларға құрмет көрсетіп, кедей-кепшіктерді жақсы
көретін. Ешбір күш оны ақиқаттан ажырата алмайты-
нын білетін. Әлсіздер оның әділдігінен үміт үзбейтін.
Аллаһ куәм болсын, оны кей кездері михрабта сәждеге
жығылғанын, жаны қиналған адамдай бұратылғанын,
95
Куружан, 255.