Previous Page  118 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 118 / 336 Next Page
Page Background

118

Cаңлақ cахабалар

Ол өте шыншыл, адал, көз алдап, көңіл арбаған

дүниеге, керегінен артыққа қызықпайтын асыл тұлға

еді. Бір күні қарны шұрқырап ашқан ол, құдықтан

тартқан бір қауға судың ақысына бір құрма алуға

әлдебір яһудимен келісті. Құрмаға қарнын тойдырып

алған соң салып-ұрып Аллаһ расулының мешітіне ба-

рады.

Оның қолының ашықтығын жақсы білетіндер

олжа бөліскенде, “бұл олжада хазірет Әли мен бала-

шағасының да ақылары бар. Оның өзіне берер болсақ,

үлесін қолына тие сала басқаларға таратып жібереді.

Ол үшін біз сақтап қояйық”, – деп Әлиге тиесілі олжа-

ны өзіне бермей сақтап қояды. Бірнеше күн өткеннен

кейін бұл жағдайды оған айтып жеткізген кезде, ол

ашуланып Қанбарға: “Менің үйімді үлкен өртке салғың

келді ме? Бұл мұсылмандардың олжасы. Кімде-кім оны

керекті жерге жұмсамаса, өкінішке ұшырайды”– деп

ескерткен.

Әли (р.а.) ақыл-ойыжәне парасатымен ерекшеленді.

Кеңес жиналыстарының белді мүшелерінен еді. Омар

ибн Хаттаб пен Осман ибн Аффанның халифалықтары

кезеңінде оның кеңестері мен тигізген пайдалары орасан

зор. Міне, сондықтан да хазірет Омар “Әли болмағанда

Омар құрдымға кетер еді” деген.

Әлидің тәуекелшілігі де ерекше. Халифалығы

тұсында шыққан бүлік кезеңінде оған қастандық жа-

салынуы мүмкін деп қорғауға келген адамдарға:

“Сендер мені жердегілерден қорғағыларың келе ме,

әлде көктегіден бе?”, – деп сауал тастайды. Олар

“жердегілерден”, – деп жауап қатқанда, “Көктен қарар

шықпайынша, жер бетінде еш нәрсе болмайды. Жаз-

мыш орындалғанға дейін әркімді екі періште қорғайды.