Previous Page  121 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 121 / 336 Next Page
Page Background

121

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

де, ол оған разы болды. Мен бұл діннің хақ екендігіне

куәлік етемін. Аллаһтан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед

– Оның елшісі. Бұл қалқан сенікі, түйеңнен түсіп

қалғанда алған едім, – деп иман еткендердің мына

қылығына айран-асыр қалып мұсылман болған еді.

Оның мұсылман болғанына қуанған әділ Әли қалқанын

яһудиге тарту етті

94

.

Жақсылыққа жаны құмар Хайдар Әли басқаларға

қол ұшын беріп, олардың қажеттілігін қамтамасыз

етуден ләззат алып, әр ісін қабақ шытпай аса

сүйіспеншілікпен атқаратын еді. “Менің көмегіммен

қажеттілігінің өтелетіндігіне сеніп маған келген

адамдарға көмектесуден асқан нығмет жоқ. Бір

мұсылманның қажетін өтеу – мен үшін жер бетінің бар

қазынасынан қымбат” деген де хазірет Әли болатын.

Әрине, оны ең жақсы танығандар – өз заманда-

стары. Сондықтан да солардың хазірет Әли жайлы

айтқан жылы лебіздеріне құлақ түрейік. Діни білімі

мол сахабалардың арасында беделді ғалым сахаба Ибн

Аббас былай дейді:

“Әлиге Аллаһ мейірімін жаудырсын! Аллаһқа ант

етейін! Ол тура жолдың желбіреген туы, тақуалықтың

ұшы-қиырына көз жетпейтін теңізі, ақылдың бұлағы, ел-

жұрттың бағына маңдайы жарқырап туған хас тұлғасы

еді. Қараңғылықтың қырық қатпарына сәулесін түсірген

нұрлы жан еді. Жұлдыздан да биік мақсаттарды нұсқап,

көне тарихты жеткізіп, айтқаны айнымай келетін

жорамал жасап, жақсы насихат беретін. Исламның

адамға тура жол нұсқайтын қағидаларын қатаң

ұстанатын. Зұлымдық атаулыдан, шүбәлі жолдан алыс

жүретін. Иман мен тақуа иелерінің ең қайырлысы еді.

94

Қандыхләуй, 1:232-233.