127
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
Мемлекет қызметкерлерін таңдаған кезде тек
қана түрлеріне қарап, олар жайлы жақсы деп ойлау
жеткілікті емес. Өйткені, адамдар жасандылықпен көзге
жақсы көріну үшін қызмет етіп, басшылардың сеніміне
кіріп алуға тырысады. Алайда онда шынайы ниет жоқ.
Сондықтан да сенен бұрын халықтың арасында жақсы
деп танылғандарды таңда.
Әр түрлі жағдайға душар болған шарасыздардан,
кедей-кепшік пен шама-шарқы қалмаған адамдарға кел-
генде Аллаһтан қорық! Олардың арасында жағдайын ай-
тушылар да, айтпаушылар да болады. Бұлардың бәрінің
құқығын қорғау – міндетің. Лауазымыңның жоғары бо-
луы олардың саған мұқтаждықтарын білдіруге кедергі
болуынан абай бол! Ұлы Жаратушының құзырына
шығарылғанда “шамамның жеткенінше жасадым”
дерліктей қызмет ет.
Мен Аллаһ расулының: “Әлсіздің ақысын күштіден
оңай алып бере алмаған кез келген халық ешқашан да
күшті бола алмайды” дегенін бірнеше жерде естідім.
Бүгінгі істі ертеңге қалдырма! Өйткені, әр күннің
өзіне тән ісі бар.
Басшының арнайы жақын адамдары болады.
Бұлардың істерінде зұлымдық пен ынсапсыздық
кездесуі мүмкін. Сен олардың зияндығын бұған жол
ашатын себептерінің тамырына балта шабу арқылы
жой. Айналаңдағыларға, жақындарың мен туыстарыңа
арнайы ілтипат жасаушы болма. Олардың ешқайсысы
сені пайдаланып айналасындағыларды қиын
жағдайға қалдырарлықтай дәрежеде байлық жинауға
әуестенбесін. Мұның саған ешбір пайдасы жоқ, әрі
оның бұл дүниедегі де, о дүниедегі де обалы – сенің
мойныңда.