129
Сағд ибн Әбу Уаққас
“Міне, менің нағашы ағам – Сағд, осындай нағашыға ие
кім бар екен”.
(Хадис)
Жәннатпен сүйіншіленген сахабалардың біреуі –
Әбу Бәкір Сыддықтың себепкерлігімен мұсылман болған
Сағд ибн Әбу Уаққас. Анасы жағынан Пайғамбарымыз-
бен (с.а.с.) туыстығы бар. Пайғамбарымыздың (с.а.с.):
“Міне менің нағашы ағам – Сағд, осындай нағашысы
болған кім бар екен” деген ілтипатына ие болған ол
өмірінің соңына дейін қилы-қилы қиындықтарда Аллаһ
расулының жанынан табылды.
Хазірет Сағд Ислам ақиқаттарына жан-тәнімен
сеніп, кез келген әмірлерін екі етпейтін, имандылықтың
асыл үлгісі, қаһарман ер еді. Оның мұсылман болуы,
намаз оқуы, Аллаһ расулын жанынан да жақсы көруі
анасының қарсылығын тудырды. Анасы ұлын бұл рай-
ынан қайтаруға бар күшін салды. Анасы ұлын алған
бетінен қайтару үшін айлалы бір тәсілге көшіп:
– Аллаһтың жақындар мен туыстарға қарасуды,
әке-шешеге мейірімді болуды бұйыратынын айтқан сен
емес пе едің? – деді.
Иә, Аллаһ тағала бізге осыны әмір етеді, – деді
Сағд.
Бұл жауапты естіген анасы кәдімгідей емексіп
қалды. Үйдің бір бұрышында қасқайып тұрған пұттың
қасына барып, оны айналып-толғанып сүйе баста-
ды. Сол жансыз, мешеу пұттардың атымен ант етіп,
ұлына: