134
Cаңлақ cахабалар
арасында аты аталғанмен, әдептен озбай халифалықтан
бас тартты. Бұл жүгі атан жығатын жауапты орынға
Әбу Бәкір Сыддықты лайық көріп, оған алғаш серт
бергендердің қатарына қосылды.
Әділеттің ізгі үлгісі Омар Фаруқ заманында
ғұмырының ең белсенді кезеңін басынан кешірді. Сағд
(р.а.) халифа Омардың (р.а.) әмірімен Иранға аттанды-
рылатын әскерге қолбасшылыққа тағайындалды.Мықты
қолбасшы Сағд ибн Әбу Уаққас Қадисия соғысында
бірнеше айдың ішінде бүкіл Иран жерін бағындырды.
Сол кездегі Иран астанасы Мәдәин қаласын алды. Иран
шахының бай қазыналарын мұсылман мемлекетінің
қазынасына қосты.
Хазірет Омар мұсылмандардың бұл жеңісіне қатты
қуанды. Сағд ибн Әбу Уаққастың Иран шахының
бүкіл байлықтарын кідіртпестен бірден Мәдинаға
жөнелткеніне тіптен сүйсінді. Алайда Мәдәин
қаласының табиғаты сахабаларға жайлы келмеді.
Көптеген сахабалар науқасқа шалдықты. Сағд бұл
жағдайды халифаға тез арада жеткізді. Халифа жай-
лы бір жер қарастырып, сол жерде қала салуын әмір
етті. Хазірет Сағд әмірді алар-алмастан дереу жер
қарастырып, қазіргі Куфа қаласының орнын ыңғайлы
деп тапты. Халифадан оң жауап алған соң, Сағд Куфа
қаласын тұрғызды. Оның бұл жетістіктерін жоғары
бағалаған халифа Омар хазірет СағдтыКуфаға әкімдікке
тағайындайды. Ол бұл міндетті үш жарым жыл бойы
досын сүйіндіріп, қасын күйіндіріп үлкен абыроймен
атқарды. Тәжірибелі қолбасшы Сағд ибн Әбу Уаққас аз
уақыттың ішінде Куфа халқына өзін сыйлата білді.
Сағд (р.а.) негізінен Ұхұт шайқасында Пайғамбары-
мыздың ақ батасын алғандықтан, дұғалары қабыл