Previous Page  126 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 126 / 336 Next Page
Page Background

126

Cаңлақ cахабалар

“Ей, Мәлік! Сені өзіңнен бұрын әділдіктің де,

зұлымдықтың да өктемдік құрған жеріне жібердім,

сен өзіңнен бұрынғы басшылардың істерін қалай

қадағалаған болсаң, халық та сенің жағдайыңды со-

лай қадағалайды. Олар жайлы сен не десең, халық

та сен жайлы соны айтады. Кімнің жақсы әрі әділ

екендігін Аллаһ құлдарының сөздері арқылы білдіреді.

Сондықтан да ең жақсы жан азығың – дұрыс және әділ

істерің болсын…

Жүрегіңде халыққа деген мейірім отын жақ,

сүйіспеншілік пен жақсылықты өзіңе нышан ет.

Оларға қатыгез болма. Өйткені олар мына екі топтан

тұрады: бірі – діндес бауырың, екіншісі – жаратылыс

тұрғысынан сенімен теңдес…

Тура биде туған жоқтығын әсте ұмытпа! Бұлай

етпесең, зұлымдық жасаған боласың. Аллаһтың

нығметтерін жоқ етіп, азабының келуіне себеп

болғанның арасында зұлымдықтан асқан нәрсе жоқ.

Еш шүбәсіз, Аллаһ – зұлымдыққа ұшыратылғандардың

жанайқайын естуші әрі залымдарды да қадағалап

тұрушы…

Кеңесшілеріңнің арасында жақын тұтарың, ащы

шындықты бүкпесіз айтатындар болсын. Шыншыл әрі

Аллаһтан қорқатын адамдар сырласың болсын. Саған

қол соғып қолпаштап, жасамаған нәрселеріңді жасады

деп мақтап, көңіліңді масайратуына жол берме. Өйткені,

мақтаудың көбі адамды өркөкіректікке жетелейді.

Абайла, адамдардың жаманы мен жақсысын тең ұстама.

Өйткені, мұндай теңдік жақсыларды ізгіліктен суытып,

жамандардың да жаман пиғылдарға құмарлығын арт-

тырады.