Previous Page  123 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 123 / 336 Next Page
Page Background

123

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

мұңайып жылағанын көретінмін. Ол бейне бір былай

деп тұрғандай:

“Ей, Жаратушы Иеміз! – деп Жаратушысына жал-

барынып, алдамшы дүние туралы былай дейді: “Мені

алдап күрмеуіңе түсірмекпісің? Көзіңді маған тіктің

бе? Бәрі бекершілік. Мен сені әлдеқашан үш талақпен

талақ еткем. Сенің өмірің қысқа, қатерің де үрейсіз.

Әттең-ай, әттең! Азық аз, сапарымыз тым ұзақ, жол

болса қараң”.

Мұғауия көз жасына ие бола алмай, ыстық жас

сақалын жуды. Қолымен жасын сүртті. Айналада

жиналған дүйім жұрт та көз жасына көміліп қалған еді.

Дирар сөздерін жалғастырып:

– Міне, Әли осындай асыл ер еді. Аллаһ оған

мейірімін жаудырсын! – деді.

Мұғауия:

– Оны қаншалықты жақсы көресің? – дегенде, Ди-

рар:

– Құшағындағыжалғыз құлыншағы бауыздалғанда

көз жасы тыйылмаған, қайғысы бітпеген бір анадай, –

деп жауап берді

96

.

Жүрегі иман нұрымен нұрланған, алып тұлға

Әлидің (р.а.) халифа болып тағайындалуы Ислам

тарихының ең күрмеуі көп күрделі кезеңіне сәйкес

келді. Хазірет Осман шейіт етілгеннен кейін Ислам

үмбеті басшысыз қалып қойды. Жан-жақтан анталаған

бүлікшілер өздерінің ыңғайына бағындырып, ырқына

көндіріп өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін тез арада

халифаның тағайындалуын талап етті. Халифалықты

мойнына алуға ешкім тәуекел жасай алмады.

96

Хиля: 1/184; А. Куружан, 253-256.