116
Cаңлақ cахабалар
сабырдың орны – бастың денедегі орны сияқты. Сабы-
ры болмағанның иманы да жоқ”.
“Қорқыныштың да қорқыныштысы бар. Оның
ең қорқыныштысы – нәпсінің жетегінде кету және
еш өлмейтіндей қайырсыз құмартуға беріле салу.
Нәпсінің жетегінде кету адамды ақиқаттан ада-
стырып, құмартушылыққа бой алдыру ақыретті
ұмыттырады. Абай болыңыздар! Дүние бетін бұрып
әрі кетуде, ақырет болса жақындап келеді. Бұлардың
әрбірін қалаушылардан болыңдар, бүгін тіршілік ету
уақыты (бұл дүниеде) есеп жоқ, ертең болса есеп күні
(ақыретте) тіршілік-күйбең жоқ”.
“Шынайы фақиһ (фиқһ ілімінің маманы, дін
ғалымы)
–
Аллаһтың мейірімінен үміт үздірмеген
және жұртты Оның азабынан сақтандырған, Аллаһқа
қарсы келерлік мәселелерде адамдардың азғынды ойла-
рына ауыздық болған және Құраннан басқа нәрседен
медет күтпеген адам. Ілімсіз ғибадатта, түсінбей
оқыған ілімде және ойланып, мән бермей оқуда еш
жақсылық пен берекет жоқ”.
“Адамдар мына үш топтан тұрады: Біріншісі
– Раббани ғалымдар, екіншісі – құтқарылу жолына
түскен ілім іздеуші, үшіншісі – әр кімге құлақ түріп, жел
қалай тұрса солай кетіп, ілім нұрымен өзін нұрландыра
алмаған және таяныш-тіректен жұрдай тобыр. Ілім
дүние-мүліктен қымбат. Ілім сені қорғайды, малдың
қорғаушысы сенсің. Онымен амал еткеніңде ілім арта
түседі, ал дүние-мүлік жұмсаған сайын азаяды”.
“Ғалымды жақсы көру діннен. Ілім ғалымға тірі
кезінде тағат берсе, өлгеннен кейін жақсылықпен
еске алғызады. Дүние жинаған адам дүниесімен бірге
жоқ болып, аты да заты да қалмайды. Дүние жи-