Previous Page  111 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 111 / 336 Next Page
Page Background

111

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

шайқастан кейін өрескел зұлымдыққа толы шабуылда-

рын тоқтатуға мәжбүр болды. Мәдинадан шығыпМекке

мүшріктеріне қосылған яһудилердің де арандатуымен

тұтанған бұл шайқаста мүшріктер үлкен қол жинап,

мұсылмандарды жер бетінен жоюды мақсат тұтты. Сал-

манФарисидің ұсынысы бойынша мұсылмандар қаланы

қоршай ор қазып, өздерінен үш есе көп мүшріктерге

қарсы шайқасты. Бұл шайқаста да жаужүрек Әли үлкен

ерлік көрсетті. Ол мүшріктердің сапындағы арабтардың

арасында “мың адамға татиды” деп танылған Амр ибн

Әбдууыдпен жекпе-жекке шықты. Исламның азулы

дұшпаны Әбдууыд орды қарғып өтіп:

– Маған қарсы кім шығады? Сендердің сенімдерің

бойынша шейіт болғанның баратын жәннаты қайда?

Неге менің қарсыма біреуді шығармайсыңдар? – деп

мысқылдап, менменсіп айқайлап, атын ойнақтатты.

Бұған қарсы Әли шыдамай:

– Мен шығайын, ей, Аллаһтың елшісі, – дегенде

Пайғамбарымыз (с.а.с.):

– Оның Амр екенін білмейсің бе? – деді. Хазірет

Әли Аллаһқа және өзіне деген шексіз сеніммен:

– Амр болса, болсын, – деп оған қарсышығып, өзіне

қатты сенген өркөкірек мүшріктің жанын жәһаннамға

жіберді.

Сонымен қатар Ардақты елші (с.а.с.) Әлиге

Зүлфиқар қылышын сыйлады. Әли өмірінің соңына

дейін осы қылышты жанынан бір елі тастамады

85

.

Қорыта айтқанда, Аллаһ расулы оған разы еді.

Науқастанған кезінде оған сүйеніп мешітке барды,

қайтыс болған кезінде де жерлеу істерінің бәрімен

тікелей Әли (р.а.) айналысты.

85

А. Куружан, 234-236.