Previous Page  112 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 112 / 336 Next Page
Page Background

112

Cаңлақ cахабалар

Аллаһ расулы (с.а.с.) бақиға аттанғаннан кейін

мұсылмандар хазірет Әбу Бәкірді халифа етіп

сайлағанда, оған алғаш қол беріп, серт еткендердің

бірі – Әли болатын. Бірақ бұл кезде әкесінің қайтыс

болғанына қатты қайғырған, Пайғамбарымыздың (с.а.с.)

жанындай жақсы көрген қызы хазірет Фатиманың

науқастануына байланысты Әли сыртқа көп шыға

алмады. Қия баса алмайтыны соншалықты, тек қана

жамағатпен намаз оқуға мешітке келіп, намаздан кейін

бірден жан жарының қамын жасау үшін үйіне кететін.

Бұл жағдай Фатима анамыз қайтыс болғанға дейін алты

ай жалғасты. Осындай жағдайда жүрсе де, хазірет Әбу

Бәкір кей кездері оны қасына шақырып алып, кейбір

мәселелердің шешімінде онымен кеңесіп тұрды. Ол

ұдайы Әбу Бәкірге қолдау көрсететін. Әсіресе, діннен

қайтадан бас тартқан мүртедтердің, зекет бергісі

келмегендердің және Мәдинаға шабуыл жасағандардың

шығарған бүліктері кезінде үнемі Әбу Бәкірді қолдап,

қасынан табылды. Қайтыс болар алдында Әбу Бәкір

Сыддық та оған разы еді.

Әбу Бәкір Сыддық орнына Омарды (р.а.) хали-

фа етіп тастағысы келген кезде, “Омардан басқасын

қаламаймыз!” деп, алғаш қолдаған Әли болатын. Ол

әділет үлгісі Омарға да үнемі қолдау көрсетіп жа-

нынан табылатын. Оның қадысы (билік айтушы,

төреші) болып тағайындалды. Хазірет Омар болса

оны “Хасанның әкесі арамызда ең жақсы үкім беруші”

деп, оның байсалдылығы мен парасаттылығын жоғары

бағалайтын. Омардың басты кеңесшісі болды. Омар

Мәдинадан басқа жаққа барарда үнемі Әлиді уәкіл

етіп, орнына қалдырып кететін. Хазірет Әли қызы

Үммүгүлсімді Омар Фаруққа үйлендіру арқылы оны-