110
Cаңлақ cахабалар
ты аяқтарының астына жайып салғаннан да қымбат
болатын. Таңның атысын бәрі шыдамсыздана күтті.
Көптен күткен сәт те келіп жетті. Аллаһ расулы туды
алып келуді әмір етті. Ту әкелінген кезде ол Әлидің
қайда екенін сұрады. Сахабалар оның көзінің ауырып
жатқандығынан хабар берді. Пайғамбарымыз Әлидің
келуін әмір етті. Пайғамбарлар мырзасы (с.а.с.) Әлидің
көздерін сипап дұға еткенде, Аллаһ шипа беріп, көздері
дерттен айықты. Аллаһ елшісі оған туды табыстап:
– Аллаһ саған жеңіс нәсіп еткенге дейін тоқтамай
ұрыс сал, – деді
83
.
Бас айналдырар бақытқа ие болған Әли
Пайғамбары-мыздың (с.а.с.) ақ туын Хайбар қорғанына
апарып тікті. Осы сәтте яһудилердің батыры Мәхраб
әскерлерімен сыртқа шығып, мұсылмандарды жекпе-
жекке шақырды. Бұған қарсы хазірет Әли шығып, оның
басын кеудесінен қалпақтай ұшырды. Мұны көріп
қуанған Пайғамбарымыз (с.а.с.):
– Қуаныңдар! Хайбардың алынуы жеңілдеді, –
деді.
Әскерлер қорғанға қарай лап қойды. Қалқанын
қолынан түсіріп алған Әли қорғанның темір есіктерінің
бірін жұлып алып, оны қалқан етті. Қақтығыс біткен
соң Әли есікті жерге тастады. Бірақ бұл есікті сегіз
адам жабылып көтере алмады
84
.
Жалаңтөс батыр Әлидің көрсеткен ерен ерліктері
мен бірнеше күнге созылған қоршаудың нәтижесінде
Хайбар алынды.
Ислам тарихындағы аса маңызды шайқастардың
бірі – Хәндак шайқасы. Өйткені құрайыштар бұл
83
Муслим, Фадаилу-с- сахаба:33-34.
84
Табақат, 2:110-112; Инсануль ´уйюн, 2: 737.