106
Cаңлақ cахабалар
Бала кезінен мұсылмандықты қабылдаған жау
жүрек Әли өмірінің соңына дейін Ислам жолында
табандылық пен шынайылық, Аллаһқа деген иманының
беріктігі мен Расулаллаһқа деген сүйіспеншілігінің
асқан үлгісін көрсетті.
Бұған көптеген оқиғаны айтуға болады. Алайда
оқиғаның маңыздылығына байланысты оның һижрет
етуін баяндай кетейік. Ол Пайғамбарымыз (с.а.с.)
һижрет еткен түні, Аллаһ елшісін өлтіруге бел буған тас
жүрек мүшріктерді жаңылту үшін басына төніп тұрған
қатерге қарамастан, Расулаллаһтың төсегіне жатудан
қаймықпады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хазірет Әлиді
қалдыру себебі, Меккедегі кейбір адамдардың аманатта-
рын қайтарып беру болатын. Бұл – Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) қаншалықты сенімді әрі пайғамбарлық ісінде
қаншалықты шынайы болғандығының айғағы. Жаула-
ры өзін өлтірудің қамын жасап шарқ ұрса да, ол өміріне
төнген қатерге қарамастан аманатты иелеріне беруді
ойлайды.
Хазірет Әли һижрет еткен кезінде 23 жаста бола-
тын. Бұл адамның келешек өміріне жоспарлар құрып,
өз ғұмырының қызықты әрі мағыналы өтуі үшін қадам
жасайтын бұла шағы. Өмірдің осындай тәтті кезінде
мұндай қатерлі іске бел буу кез келгеннің қолынан келе
бермейді. Арыстан жүрек Әли мұны үлкен қуанышпен
қабылдап, Аллаһ расулы үшін жанын беруге әрдайым
дайын екенін көрсетті.
Ол үш күн бойы Меккеде қалып, аманат иелеріне
аманаттарын таратып бергеннен кейін ғана анасы Фа-
тима, Аллаһ расулының кенже қызы, көзінің нұры –
Фатима және бірнеше кісімен бірге Мәдинаға қарай бет
алды. Күндіз жасырынып, түнде жол жүріп Мәдинаға