Previous Page  102 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 102 / 336 Next Page
Page Background

102

Cаңлақ cахабалар

тын жасақ бар болатын. Абдуллаһ ибн Зубәйр, Зәйд ибн

Сәбит, Әбу Һурәйра және басқа да сахабалар Аллаһтың

дініне көмектесуге дайын екендіктерін, халифа рұқсат

берсе, бүлікшілерге қарсы соғысатындарын айтады.

Бірақ, жұмсақтық, әдептілік пен ұялшақтықтың ізгі

үлгісі Осман мұсылмандардан қан төгілуін қаламады.

Ол бұл өтініштерін қабылдамай:

– Мен ешқашан мұсылман қанын ағызушы халифа

ретінде еске алынуды қаламаймын. Бір адамның бол-

са да қанының ағуынан Аллаһқа сиынамын. Бірақ мен

олардың да, оларды маған қарсы айдап салушылардың

да істерінің нәтижесін Аллаһқа аманаттаймын, – деп,

өзіне өлім төніп тұрса да жұмсақтығынан таймады

79

.

Әдептілік, ар-ұят және жақсылықтың үлгісі,

үшінші халифа шейіт болмастан бір күн бұрын түсінде

Пайғамбарымызды (с.а.с.), Әбу Бәкір мен Омарды

көрді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған, “Біз ораза ұстадық,

сені де ауыз ашарға күтеміз”, – деді. Оянғаннан кейін

Осман (р.а.) сол түні ораза ұстауға ниет етті. Қуанышы

қойнына сыймады. Өйткені, Аллаһқа және Расулы-

на қауышудың мезгілі жеткен еді. Күн жұма. Құран

оқи бастады. Бүлікшілердің бірнешеуі тап осы сәтте

ішке кіріп, хазірет Османды шейіт қылды. Османның

қаны оқып отырған Құранға тамды. Осылайша

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) келешекке байланысты

айтқан бір мұғжизасының құпиясы ашылды. Өйткені

Аллаһ елшісі (с.а.с.) Османның (р.а.) нақақ қаны төгіліп

жазықсыз өлтірілетіндігін күні бұрын айтқан еді.

* * *

79

Тирмизи, Манақыб:19; Муслим, Фадаилу-с-сахаба:28.