105
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
болған. Исламды қабылдауы төмендегі оқиғаға байла-
нысты: Бір күні Әли Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен Хадиша
анамыздың (р.а.) намаз оқығандарын көріп, таңырқай
қарап, “бұл не өзі?” деп сұрайды. Ардақты елші (с.а.с.):
“Бұл – Аллаһтың пайғамбарлар арқылы жіберген діні.
Сені еш ортағы жоқ бір Аллаһқа иман келтіруге, Лат
пен Ұзза пұттарына бас имеуге шақырамын”, – деп,
оны Исламды қабылдауға үндеді.
– Бұл жайлы мен әлі ешнәрсе естіген емеспін,
мұны жақсы білмеймін. Әкеммен ақылдаспай тұрып
ешнәрсе дей алмаймын, – деп, Әли ойлануға мұрсат
сұрайды. Алайда Пайғамбарымыз (с.а.с.) ол кезде
дінді ашық түрде жариялауды бастамағандықтан, мұны
басқалардың естігенін қаламай:
– Ей, Әли, мұсылман болмасаң да мұны жасырын
ұста. Ешкімге айтпа, – дейді.
Түні бойы кірпік айқастырмай шыққан оның
жүрегі Исламға жылынып, ертесі күні таң атысымен
Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып:
– Кеше мені нені қабылдауға шақырған едіңіз? –
дейді Әли толқып...
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
– Аллаһтан басқа тәңірдің жоқ екендігіне,
құлшылыққа Аллаһтың ғана лайық екендігіне куәлік ет.
Лат пен Ұзза пұттарынан бас тарт. Аллаһқа ешқандай
серік қоспа! – дейді
80
. Сол сәттен бастап Әли (р.а.) Ис-
ламды қабылдады. Ол Хадиша анамыздан кейін Ислам-
ды алғаш қабылдаған адам бақытын иеленді. Ес біліп
етек жапқалы Пайғамбарымыздың тәрбиесінде өскен
Әлидің (р.а.) пәк көкірегі өзге түгіл өзіне пайдасы жоқ
пұттарға табынудан аман қалды.
80
Кандыхләуй, 1, 66 .