115
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
Әли (р.а.) уахиді хатқа түсіруші әрі жатқа
білушілерден болатын. Аллаһ расулы дүние салған
соң алты ай ішінде оның Құранды түсу кезегіне қарай
жинастырғандығы білім адамдарына мәлім. Ол – Құран
ілімдерін жақсы меңгергендердің бірі. Бұл жайлы оның
өзі былай дейді:
– Менен сұраңыздар. Уаллаһи менен сұраған
сұрақтарыңыздың бәріне жауап беремін. Менен
Аллаһтың кітабы жайында сұраңыздар. Уаллаһи, оның
күндіз бе, түнде ме, тауда ма, қырда ма, түскенін мен
білмейтін ешбір аят жоқ
90
.
Сонымен қатар оның Құран аяттарына жасаған
жорамалдары, риуаят еткен хадистері мен хадистерді
түсіндірулері, бұларды қорытып шығарған үкімдері,
тәпсир, хадис және фиқһ кітаптарында кездеседі.
Әбу Бәкір (р.а.), Омар (р.а.) және басқа да көптеген
сахабалардың хазірет Әлидің іліміне берген әділ
бағалары жеткілікті. Мұнан басқа бізге дейін келіп жет-
кен Әлидің өз аузынан шыққандығына күмән тудыр-
майтын ақиқаттардың терең мәнділігі мен ғибраттығы
осыған бұлтартпас дәлел бола алады. Бұған бірнеше
мысал келтірейік:
“Мына бес нәрсені естен шығармаңдар. Бұларға
қол жеткізу үшін түйеге мініп жолға шықсаңыз,
оған қол жеткізе алмастан түйеңіз болдырар еді:
Құл Раббысынан өзге ешкімнен бір нәрсе дәметпесін,
тек күнәларынан қорықсын. Білімсіз адам білмеген
мәселелерін сұрауға ыңғайсызданбасын. Өзінен білмеген
бір мәселе сұралған кезде ғалым да: “Ең дұрысын
Аллаһ біледі” деуден тартынбасын. Иман сақтаудағы
90
Табақат, 2:338.