Previous Page  85 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 85 / 336 Next Page
Page Background

85

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

шыныстары, шейіт болу, Аллаһтың разылығына бөлену

құштарлықтары себеп болған еді. Хазірет Омардың (р.а.)

халифа ретінде ел басқару саясатында үлкен рөл атқарған-

дығы ақиқат. Ел басқару ісінде ол мынандай жаңалықтар

енгізді:

1. Мемлекетті басқару үшін ақылдастар алқасын

құрды. Бұған ел ішіндегі абыройлы кісілерді шақырған.

Хазірет Осман, Әли, Абдуррахман ибн Ауф, Муаз ибн

Жәбәл, Зәйд ибн Сәбит, Ұбай ибн Қағб (р.а.) сияқты

атақты сахабалар осы кеңестің тұрақты мүшелері еді.

2. Мемлекетті әкімшіліктерге бөлді.

3. Мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлер

үшін жаңа жобалар жасады. Қызметкерлердің

жалақысын өсірді. Әкімдерге халыққа ұнамайтын

әрекеттерге бармаулары жайлы ант қабылдатты.

Қызметкерлерден қызметке алынған кездерінен ба-

стап дүние-мүліктері жайлы мәлімет алынып, сол

жылдардың ішінде мал-мүлкі тез арада көбейетін болса,

жауапқа тартылатындықтарын, әкімдердің жыл сайын

қажылыққа келген кездерінде халықпен кездесулерін,

егер бір қызметкердің үстінен арыз жазылса, істің

анық-қанығына көз жеткізу үшін үш адамнан тұратын

комиссия құрылып тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.

1. Экономика саласындағы жаңалықтары: соғысып

алынған жерлерді мемлекеттікі деп жариялап, оны

жергілікті халықтың қолына беріп салықты азайтты.

Бұл адамдардың салықты төлеуін арттырып, басқа

жерлердің де алынуын тездетті.

2. Әділет жүйесін орнатуы;

3. Исламдық жазалау құқығын ретке келтірді.

Алғашқы түрмелерді құрды;