Previous Page  172 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 172 / 336 Next Page
Page Background

172

Cаңлақ cахабалар

– Байыптылық пен жүректілік дүниеде адамға абы-

рой, ақыретте мейірімділік әпереді. Біз екеуін де алуға

тырысайық,– деп жауынгерлерді бір серпілтіп тастады.

Қолбасшылары көз алдарында арыстандай атылып,

тайсалмай шайқасты. Хазірет Саид (р.а.) Византияның

әскер басшысын өлтіргенде, олардың әскерлері ара-

сында жік туды. Жеңісті қолдан әперетін бұл мұрсатты

қапы жібермей хазірет Саид (р.а.) орталық қанатқа

күйрете соққы беріп, жеңілейін деп тұрған әскерді

жеңіске жеткізді

154

.

Ол уақытын ғибадатпен өткізіп, дүние мен

дүниелік нығметтерден гөрі ақыреттің сауабына

ұмтылды. Мансапқор емес, бірақ өзіне қандай да бір

қызмет жүктелсе оны адал орындайтын. Сирияны

алғаннан кейін әскер басшысы Әбу Үбәйда ибн Жәррәх

(р.а.) Саид ибн Зәйдке (р.а.) Сирия әкімдігін ұсынады.

Бірақ, хазірет Саид соғыс майданында әскер болуды

қалайды:

– Әй, Әбу Үбәйда! Мен Аллаһ жолында күрескім

келеді. Әкімдікті өзің лайық деп тапқан басқа бір

бауырымызға бер, – деген еді.

Хазірет Саид (р.а.) ұзақ уақыт әскер қатарында бо-

лып, Ирак пен Сирияның Ислам мемлекетінің құрамына

кіруіне мол үлес қосты. Кейін ілім нұрын бұл өңірлерге

алып барды. Осман Зун-нурәйн мен Әли әл-Муртада

(р.а.) жайлы өсек-аяңдарға тосқауыл болуға мейлінше

тырысып бақты. Әсіресе, оның жүрегін хазірет

Османның (р.а.) шейіт болуы қатты сыздатты. Бұған

байланысты ол Куфа мешітіне жиналған жұртқа:

154

Асру саадат, 4:281.