Previous Page  178 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 178 / 336 Next Page
Page Background

178

Cаңлақ cахабалар

Пайғамбарымыздың пәк балалық шағын, көп қасиетін

(сенімділігін, шыншылдығын) жақыннан танитын.

Ардақты елшіге (с.а.с.) қасиетті пайғамбарлықтың

жүктелгеніне бірнеше жыл өтсе де, Хамза мұсылман

болмаған еді. Алайда мұсылмандардың қатары

көбейген сайын мүшріктердің мазасы қаша бастады.

Олар Пайғамбарымыздың киелі ісіне кедергі жасаудың

қитұрқы жолын қарастыруға көшкенді.

Ол кезде Аллаһ елшісіне (с.а.с.) еріп, мойынсұнған-

дардың тысында мұсылман болуды жаны қалаған адам-

дар да барды. Алайда ескіден келе жатқан ата-баба

дәстүрінің ықпалы, қоғамдағы теріс күштердің қысымы

бұған бөгет болды. Хазірет Хамза да солардың бірі бо-

латын.

Аллаһ расулының ерік-жігері оны таңдандыратын.

Иманы мен уағыздап жүрген жаңа дініне деген беріктігі

мен жанқиярлығы бұрын-соңды құрайыштардың ара-

сынан көрмеген айрықша бір лептей сезілді оған. Жа-

стайынан жақсы көріп, жіті таныған сенімді әрі шы-

найы бауырының шақыруына құлақ түріп, мойынсұнуға

кідіруді жөн көрмеді.

Оның мұсылман болуының өзі жатқан бір хикая.

Аллаһ тағала тура жолға саламын дегендерге әр түрлі

себептер жаратады: ал бұл оқиға Хамзаны Исламды

қабылдауға жетеледі.

Аң аулап Қағбаны тауап етуге әдеттенген Хамза

кезекті саятшылығынан оралғанда, алдынан Абдуллаһ

ибн Жуданың күңі шыға келеді. Ол Әбу Жәһилдің

өз достарымен бауыры Мұхаммедке (с.а.с.) ауыр

сөздер айтып қорлағанын, қол жұмсағандарын айт-

ты, Мұхаммедтің (с.а.с.) шарасыз күйде жалғызсырап