Previous Page  180 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 180 / 336 Next Page
Page Background

180

Cаңлақ cахабалар

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хамзаның мұсылман

болғанын естіп, қуанышы қойнына сыймады. Өйткені

оның Исламды қабылдауы мұсылмандарға күш берді.

Мәдинаға һижреттен кейін де мүшріктер қол қусырып

қарап қалмады. Пайғамбарымыз бен мұсылмандарды

Мәдинадан қуып шығуды көздеген Абдуллаһ ибн

Үбәй Хазрәж және Әус тайпасының мүшріктерімен

тізе қосып одақ құрды. Мұсылмандардың қажылыққа

апаратын жолдарын да жауып тастады. Мүшріктердің

бетін бір қайтару үшін Сирияға апаратын сауда жолы-

на тосқауыл ұйымдастыру керек болды. Осы мақсатпен

ПайғамбарымызХамзаныотыз адамдық қолдыбастатып

Сифул-бахр деген елді-мекенге аттандырады. Діттеген

тұсқа жеткенде мүшріктердің үш жүз кісілік керуені

сол жерде бел суытып жатқан екен. Әбу Жәһил де ара-

ларында. Аллаһтың арыстаны Хамза дұшпандарымен

шайқасқысы келіп жалын атты. Мұсылмандар да сондай

пейіл танытты. Ол кезде әлі мүшріктердің қатарында

жүрген Мәжди ибн Амр ибн Жухәни бұл екі топтың

арасына түсіп оларды қантөгістен бас тартқызды.

Бұдан кейін жалын атқан жаужүрек Хамзаны

Бәдірде көреміз. Бәдір шайқасында мүшріктер мен

мұсылмандардың арасындағы жекпе-жекте хазірет Хам-

за, Ұбәйда және Әли ат ойнақтатып шыққан еді. Хам-

за Шәйбамен күш сынасады. Бір екпінде-ақ Шәйбәны

сұлатып салды. Бәдір шайқасында Хамзаның танытқан

ерлігіне Аллаһ расулы риза болды.

Харисут-Тәмимидің айтуынша, Бәдір шайқасында

Хамза ибн Әбдулмүттәліп кеудесіне түйе құстың

қауырсынын қадап алыпты. Мүшріктердің бірі:

– Кеудесіне түйеқұстың қауырсынын таққан кім?

– деп сұрады.