Previous Page  182 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 182 / 336 Next Page
Page Background

182

Cаңлақ cахабалар

Екі жақтың әскерлері Ұхұтта бетпе-бет келді.

Құрайыштардың бірінші ту ұстаушысын хазірет Әли,

екіншісін хазірет Хамза өлтірді. Ту ұстаушыларының

өлімі мүшріктерді бірден абдыратып-ақ тастады.

Тапырақтап не істерлерін білмей қалды. Ол кез-

де мүшріктердің сапында болған әйгілі Халид ибн

Уәлидтың соғыс тәсілі де іске жарамады. Мүшріктер

жапа-тармағай жан сауғалап қаша бастады. Батыр Хам-

за Ұхұт күні “мен Аллаһтың арыстанымын” деп жауға

қарсы айбарын шашты. Хамзаны Бәдір шайқасында

көрген Сафуан “бүгінге дейін қауымдастарын өлтіруге

сонша құштар болған адам көрген емеспін” деп

дұшпанға қарсы шайқастағы қайсарлығына таңдай

қағыпты. Хамза Ұхұт шайқасында мүшріктердің көбісін

жер жастандырды.

Құрайыштар алды-артына қарамай тым-тырақай

қаша бастаған кезде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ар-

найы төбеге орналастырған садақшылар тобы өз орын-

дарын тастап, “Не қарап тұрсыңдар? Аллаһ дұшпанды

күйретті. Сендер де мүшріктердің қосына кіріп олжа

жинаңдар”, – десті.

Садақшылардың көпшілігі басшы Абдуллаһ ибн

Жүбәйрді тыңдамай, “олжадан өз үлесімізді аламыз”

деп шептерін тастап кетті. Абдуллаһ ибн Жүбәйрдің

айналасында аз ғана адам қалғанын байқаған Ха-

лид ибн Уәлид бұл мүмкіндікті ұтымды пайдала-

нып, әскерлерін жинап садақшыларға шабуыл жа-

сады. Саны аз қалған садақшылар оқтары таусылып,

шамаларының жеткенінше табан тіреуге тырысты.

Алайда көзіне қан толған жау әскері басымдыққа ие

болды. Олар оқшыларды адам айтқысыз жауыздықпен

өлтірді. Орындарын тастап кеткен садақшылардың