266
Cаңлақ cахабалар
көрмедім. Көзқарасы үнемі туралықтан таймаған өзге
ешкімді таныған емеспін. Тәпсир және фиқһ іліміндегі
білгірлігіне бәрі таңдай қағатын. Бір күні тәпсир жайлы
айтса, бір күні фиқһ мәселелерінен сөз қозғайтын. Бір
күні өткен шайқастарды айтса, басқа бір күні араб та-
рихын тереңнен қозғайтын. Оның білімі түпсіз теңіздей
еді. Оның білімділігіне бас имейтін ғалым жоқ еді” деп
оның беделін атап өткен
246
.
Ол білімді болумен қатар мемлекеттік жоғары
қызметтердідеабыройменатқарғанқабілеттісахаба.Хазірет
Османның тұсында Африка жорығына Ислам әскерлерінің
Елшісі ретінде қатысты. Африкадағы Византияның әкімі
Георгий және оның адамдарымен ғылыми мәселелер бой-
ынша пікір таластырады. Византиялықтар алғыр ақылына,
ойымен білімінің тереңдігіне тәнтілікпен оны“арабтардың
ең данасы” деген-ді.
Халық ибн Аббастың төрелігіне жиі жүгінетін. Оның
үйі, есік алды үнемі кісіден босамайтын. Шәкірті Әбу Са-
лих:
“Ауласына кісілер мұншама көп жиналатын басқа
бір адамды өмірімде көрген емеспін” деп, оның шар-
шы топты жарып сөйлейтін шешендігін, көпшілдігі мен
көсемдігін паш етеді.
Оны “тәпсир ғылымдарының падишасы” деп те
атайтын. Өзі тәпсир кітабын жазбаса да, оның өрнектеп
өрбіткен тәпсирлері хадис кітаптарында жинақталған.
Мұсылман ғалымдары өздерінің шығармаларын
көркемдеу үшін ибн Аббастың құнды тәпсирлерін
пайдаланды. Ал оның берген пәтуалары фиқһ ілімінің
негіздерінің бірі болып табылады.
246
Табақат, 2:365; Усдул-ғаба, 3:19.