274
Абдуллаһ ибн Мәс′уд
“Кімде-кім Құранды жаңа түсіп жатқандай оқығысы
келсе, оны Ибн Умми ′Абдтың қырағатымен оқысын”.
(Хадис)
Әбу Әбдуррахман Абдуллаһ ибн Мәс′уд –
алғаш иман еткендердің ішінде алтыншы болып
мұсылмандықты қабылдаған бақытты жандардың бірі.
Бала кезінде Әбу Жәһил, Ұқба ибн Муайт сияқты азулы
мүшріктердің қойларын бағатын.
Ғаламның рақым нұрымен (с.а.с.) танысқаннан
кейін қасынан көлеңкесіндей екі елі ажырамай еріп
жүретін еді. Суффалық сахабалардың бірі Абдуллаһтың
Аллаһ елшісінежақындығысондай, Пайғамбарымыздың
нұрлы шаңырағына қалауынша еркін кіріп-шығатын.
Оны көргендер әһли бәйттен (Пайғамбарымыздың
туысқаны) деп ойлайтын
253
. Аллаһ елшісіне (с.а.с.)
қызмет жасап, Одан көп нәрсе үйренді.
Адамзаттың ардақтысы (с.а.с.) оны «Ибн Умми
‘Абд» дейтін. Пайғамбарымыз ол жайлы: “Кімде-кім
Құранды жаңа түсіп жатқан кезіндегідей оқығысы кел-
се, оны Ибн Умми ‘Абдтің қырағатымен оқысын”
254
деп,
Құран оқудағы қасиетін жоғары бағалайтын.
Пайғамбарымыз бір күні оған:
– Маған Құран оқышы, тыңдайын, – дегенде, ибн
Мәс‘уд:
253
Бухари, фадаилус-сахаба, 27; Табақат, 3:153.
254
Мустәдрәк, 2:318; әл-Исәбә, 2:369.