Previous Page  29 / 116 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 29 / 116 Next Page
Page Background

29

Пайғамбарымыздың таңғы дұғалары

Мағынасы:

Уа, Аллаһ тағалам! Расында, мен Сенің – бір

Өзіңнен басқа тәңір болмаған жалғыз Аллаһ

екендігіңе және Мұхаммедтің

(саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм)

құлың әрі елшің екендігіне − Өзіңді,

Аршыңды

13

арқалаған періштелеріңді, сондай-

ақ, барлық періштелеріңді және күллі жараты-

лысты куә ете отырып таң атырдым.

Ерекшелігі:

Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) жеткен хади-

сте Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

«Кімде-кім таңертең ұйқыдан тұрғанда осы

дұғаны оқыса, оның сол күні жасаған кішігірім

күнәлары кешіріледі. Ал, кімде-кім кешке

оқыса, сол түні жасаған кішігірім күнәлары

кешіріледі», − деген. Бұл хадисте айтылған

«күнә» сөзінің белгілі бір күнәні меңземей жал-

пылама түрде айтылуы, аталмыш дұғаныжиі

оқу керектігін білдіреді.

Осы дұғаға қатысты басқа бір хадисте

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

13

Арштың сөздіктегі тілдік мағынасы «тақ» дегенді

білдіреді. Ал хадистерде Арштың ең үлкен жаратылыс

екендігі де білдірілген. Барша мұсылманға Арштың

бар екендігіне сену парыз, ал оның қандай екені бір

Аллаһқа ғана мәлім.