Previous Page  34 / 116 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 34 / 116 Next Page
Page Background

34

Пайғамбарымыздың таңғы дұғалары

Уа, Аллаһ тағалам! Сен кімді мейірімің мен

разылығыңа бөлесең, оқыған әрбір дұғам соған

да дарысын. Сен кімді лағынеттесең, айтқан

әрбір лағынетім соған да арналсын. Расында,

Сен менің дүниедегі және ақыреттегі шынайы

қамқоршымсың. Жанымды мұсылман күйінде

ал және мені ізгі құлдарыңның қатарына қоса

гөр!

Уа, Аллаһ тағалам! Бір Өзіңнен, қандай да

бір зиянға және адастырып, азғырушы бүлікке

душар болмастан берген үкіміңе (тағдырға)

ризашылық білдіруді, өлімнен кейін рахат

өмір сүруді, пейішке кіргенде Дидарыңды

(яғни, ұлылығыңа лайық түрде Өзіңді) тама-

шалау ләззатын және Өзіңмен қауышуға деген

сағыныш сезімін беруіңді сұраймын! Біреуге

қиянат жасаудан немесе жәбір-жапа шегу-

ден, біреуге қастық қылудан, яки қастыққа

ұшыраудан, сондай-ақ, өшпес қателік немесе

кешірілмес күнә жасаудан сақтай гөр!

Уа, жеті қат аспан мен жерді жаратқан,

ғайып пен жария әлемді толық Білуші, ұлылық

пен асқан жомарттық Иесі Аллаһ тағалам! Осы

дүниеде Өзіңе адал болуға уәде беремін және

Өзіңді осы уәдеме куә етемін. Сенің куәлігің

толығымен жеткілікті.